Қыс кезіндегі пайдалы демалыс

Қыс кезіндегі пайдалы демалыс

Қыс – бұл жылдың керемет уақыты, оны үйіңнің төрт қабырғасында өткізбеу керек, оны көңілді және денсаулыққа пайдалы етіп өткізген дұрыс. Осы мақсатпен 2020 жылдың  8 ақпанында 2227 топ студенттері кураторы ЖББП кафедрасының оқытушысы Г.Н.Табулдиновамен бірге Семей қаласының қарағайлы орманында орналасқан шаңғы базасына барып қайтты.  Аталған шара топтағы  тәрбие жұмысының жоспары бойынша ұйымдастырылды.  Бұл сенбілік демалыста студенттер  шаңғы мен сырғанақ тепті. Сонымен бірге демалыс базасындағы түрлі  ойын-сауықтарға қатысты. Еліміздің мақтанышына айналған, мемлекеттің қорғауына алынған қарағай орманын кейбірі атқа мініп  араласа, екіншілері квадроцикл, ат шананың қызметін де пайдаланды. Топ студенттерімен бірге бірінші курста және фаундейшнде оқып жатқан шетелдік студенттер арнайы шақырылды. Осындай қысқы, белсенді  демалыстан олар үлкен әсер алып, шақырғаны үшін алғыстарын білдірді. Қыста ашық ауада демалу – салауатты өмір салтының бір бөлігі  екені бәрімізге мәлім. Осындай бірлескен демалыстар студенттерді жақындастырады, олардың өзара қарым-қатынастарын,  командалық рухын  нығайтады.

227 топ кураторы  Табулдинова Г.Н.

Жарияланды:
Автор:Ainura Zhabaeva
Рубрикалар: Оқушылар