Қымбатты кітапхана оқырмандары және қолданушылары!
Сіздерді Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасының кітап қорымен ұйымдастырылған «Абай мұрасы – халық қазынасы» атты
кең көлемді кітап көрмесіне шақырамыз. Шараға қонақ ретінде Республикалық «Абай» қорының президенті Отантай Кәріпжанов және Республикалық «Абай журналының» редакторы, ақын Мұратбек Оспанов шақырылды.
Көрме 2020 жылдың 21 ақпаны күні сағат 11.00 де Университет кітапханасының оқу залында өтеді.
Университет кітапханасы