2020 жылғы ақпан айының 4-ші жұлдызы күні Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күніне орай жалпы білім беретін пәндер кафедрасының ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Д.Р. Рымбаеваның жетекшілігімен дәріс өтті.
Дәріске 1211 және 1318 “Жалпы медицина” мамандығы бойынша 1 курс студенттері қатысты. Дәріс өткізудегі мақсат – обыр ауруларының алдын алу, өзекті мәселелерді талқылау, өмір сүру сапасын арттыру.
1211 топ студенті Жансая Оралова өткізген дәрісі арқылы студенттердің білімге деген қызығушылығын арттырып, ой-өрісін шыңдады деп сенеміз.
Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Д.Р. Рымбаева