Ақпан айының 6-шы жұлдызы күні жалпы білім беретін пәндер кафедрасының ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Д.Р. Рымбаеваның жетекшілігімен “Науқас адаммен қалай қарым-қатынас жасау керек?” атты шағын ақпараттандыру өтті.
Оған 1211 және 1318 “Жалпы медицина” мамандығы бойынша 1 курс студенттері қатысты. Шағын ақпараттандыру 1318 топ студенті Айдосов Жандостың жүргізуімен өтті.
Ақпараттандыру өткізудегі мақсат – дәрігердің науқас адамдармен қалай қарым-қатынасқа түсіп, қалай сөйлесіп, оларға қандай көзқараспен қарау туралы білімдерін шыңдап, толықтай мәлімет беру.
Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Д.Р. Рымбаева