Мағауия Абайұлының 150 жылдығына арналған «Сүйер ұлың болса, сен сүй…» кеші
2020 жылдың ақпан айының 12-і күні Семей медицина университеті “Жалпы медицина” мамандығы бойынша 1 курс 1210 тобының студенттері Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ұйымдастырған Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Мағауия Абайұлының 150 жылдығына арналған «Сүйер ұлың болса, сен сүй…» кешіне қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты – ұлы ақын Абай Құнанбайұлының дарынды шәкірті әрі үлкен үміт артқан балысы Мағауияның өмірі,…