2020 жылдың 7 ақпанында «Терапиялық стоматология» кафедрасында, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шегінде, Халықаралық Стоматологтар Күніне арналған стоматологиялық факультеттің 501 топ студенттері, 602 топ интерндері және кафедра меңгерушісі доцент Н.Б.Хайдаровамен бірлестікте ұйымдастырылған пәндік олимпиада өткізілді.
Стоматологиялық факультеттің 4, 5 курс студенттері арасындағы жарыста студенттердің білімдері және тәжірибелік дағдылары шыңдалды. Олимпиада 3 кезеңнен тұрды. 1 кезең – іріктеу, 401, 403, 502, 503 топтар қатысты. Kahoot бағдарламасы арқылы тестілеу жүргізілді. 2 кезең – өзіндік ойын, бұл кезең қорытындысы бойынша 403 топ 3 орынды иеленді, финалға 401 және 503 топтар шықты. 3 кезең – тәжірибелік дағды, студенттер фантомда реставрация жүргізді. Реставрация нәтижелерін 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық олимпиада жеңімпаздары интерндер бағалады. Төрешілер қорытындысы бойынша 2 орынды 401 топ иеленді, құрметті 1 орынды 503 топ иеленді. Қатысушылар естелік тартулармен, қатысқандары үшін және ұтысты орындары үшін сертификаттармен марапатталды.