2020 жылдың 11 ақпанда 123 (1317) топта коронавирус індеті бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара мақсаты – коронавирустың алдын алу бойынша ақпаратпен студенттерді қамтамасыз ету. Дөңгелек үстел барысында білім алушылар коронавирустың алдын алу тәсілдерін және вирустық жұқпаның таралуының негізгі жолдарын талқылады.
Топ кураторы Р.Ж. Екібаев салауатты өмір салтын ұстану, дене шынықтыру, сонымен бірге, дұрыс және құнарлы тамақтану кез келген жұқпалы вирустарға қарсы тұратын тосқауыл болып табылатынын баяндады. Қатысушылар коронавирустың алдын алу бойынша шараларды университетте белсенді жүргізу керектігін атап өтті.
ЖББП кафедрасының аға оқытушысы Р.Ж. Екібаев