Мағауия Абайұлының 150 жылдығына арналған «Сүйер ұлың болса, сен сүй…» кеші

Мағауия Абайұлының 150 жылдығына арналған «Сүйер ұлың болса, сен сүй…» кеші

2020 жылдың ақпан айының 12-і күні Семей медицина университеті “Жалпы медицина” мамандығы бойынша 1 курс 1210 тобының студенттері Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ұйымдастырған Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Мағауия Абайұлының 150 жылдығына арналған «Сүйер ұлың болса, сен сүй…» кешіне қатысты.

Бұл іс-шараның мақсаты – ұлы ақын Абай Құнанбайұлының дарынды шәкірті әрі үлкен үміт артқан балысы Мағауияның өмірі, қоғамдық қызметі мен шығармашылығын насихаттау.

Мағауия – Абайдың ақындық мектебінің ірі өкілдерінің бірі. Биыл туғанына 150 жыл толып отыр. Ол – ақын, романтикалық поэмалар жазып, қазақ әдебиетінде поэма жанрының жаңа түрін дамытқан қаламгер.

Кеш барысында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі жайлы толық ақпарат берілді. Мағауия Абайұлының ақындық жолға қалай түскені, әкесінің қандай қасиеттерін пайдаланғаны жайлы айтылды. 1210-тобының студенттері Серікболова Жансая өлең оқыса, Ризабекова Аяжан Абай атамыздың әнін орындап берді. Сонымен қатар, шараға арнайы шақырылған М. Төлебаев атындағы музыкалық училище студенттері Ұлжан Әбілқасымова, Аяулым Баяхметова, Әмір Дүйсенов, Дәрігер Берсін және Жандос Кәрімов Абайдың әндері мен күйлерін орындап, баршаны өз өнерлерімен тәнті етті.

Кеш барысында мұражай қызметкері Шынар Мұратқызы өз лебіздерін білдіре отыра, кеш қонақтарымен бірге қызықты челлендждер ұйымдастырып, қонақтардың көңіл-күйін көтеріп қойды.

 

Мақала авторы: ЖББП кафедрасының аға оқытушысы Т.А.Муздыбаева,

1210- ЖМ мамандығының студенті Таиса Кусаинова[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:1|h_tablet:1|v_tablet:1|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”proportional” resized_image_dimensions=”1×1″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”disabled” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар