Мұражай төрінде

2020 жылдың ақпан айының 11-і күні Семей медицина университеті “Жалпы медицина” мамандығы бойынша 1 курс 1210 тобының студенттері Семейдің облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барып қайтты.

Бұл мұражай 1883 жылы саяси жер аударылған орыс демократтары  Е.П. Михаэлис, М.И. Долгополов, П.Д. Лобановский және қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың бастамасымен құрылған болатын. Сонымен қатар, музейдің іргетасын қалауға А.А. Леонтьев, А.А. Блэк, Н.Я. Коншин В.Н. Филипов, М.И. Суворцев сияқты жер аударылғандар үлестерін қосқан.

Жаңартылған экспозициялар музейдің алты залында: «Палеонтология және геология», «Туған өлкенің  табиғаты», «Археология және этнография», «Қала және өлкенің тарихы», «Алаш қозғалысы және Алаш қаласы туралы», «Семей ядролық полигоны», «Семей тәуелсіздік жылдарында» атты бөлімдерде орналасқан.

Мұражайдың әр бөлімі сан түрлі тарихи оқиғаларға толы. Сонау палеолит дәуірінен Қазақ хандығына дейінгі, Қазақстан Республикасы болғанға дейінгі өткерген тарихымыз көз алдымыздан өткендей сезімде болдық.

Экскурсия жүргізушісі барлық оқиғаларды түсінікті тілмен жеткізіп берді. Бұл экскурсия нәтижесінде, студенттер тарихты тағы бір мәрте еске түсіріп, бойларына батылдық пен патриотизм қасиеттерін қондыра алды деп ойлаймыз.

 

ЖББП кафедрасының аға оқытушысы Т.А. Мұздыбаева,

Аяжан Ризабекова, 1 курс 1210 ЖМ факультетінің студенті[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:1|h_tablet:1|v_tablet:1|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”proportional” resized_image_dimensions=”1×1″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”disabled” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар