Қазіргі таңдағы өзекті деген үлкен мәселелердің бірі – жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен түрлі діни ағымдар десек артық айтқандық емес. Кереғар діни ағымдар қоғамға, айналаға, соның ішінде жастарымызға ерекше әсер етіп, ұдайы адастырумен келеді. Соның салдарынан отбасылардың ажырасуы көбейіп, түрлі дінді ұстанудың нәтижесінде жанұяларда ұрыс-керістер орын алып, көптеген бөлінушіліктерге негіз болуда.
«Жалпы медицина» мамандығының 4224 тобында Орталық мешіттің наиб имамы Омаров Ерлан Досымұлының қатысуымен кураторлық сағат өтті. Кездесудің басты мақсаты діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу, елімізде жайлап бара жатқан түрлі теріс діни ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесу болды.
Кураторлық сағат қонағы діни экстремизм аясында төмендегідей сауалдарға байланысты әңгіме өрбітті.
- Дін дегеніміз не?
- Дінге деген жастардың көзқарасы қандай?
- Әлемдік діндерден секталардың айырмашылығы қандай?
- Қазіргі заманда қоғамға қалай ықпал етуде?
- Діни экстремизм деген не, оны қалай түсінеміз?
- Діни экстемизм салдарынан әлемде нелер болып жатыр?
- Хижап, паранжа, қысқа балақты шалбар, сақал қою мәселерін қалай түсінуге болады?
Сонымен қатар, көптеген діни ағымдардың пайда болуына байланысты, қоғамда кері саяси ұғымдардың пайда болуы, адамның сана сезімін улайтын, әлемдік діндердің атын жамылып теріс бағыт беретін діни секталардың экстремалды түрде қаптауы туралы мәселелер.
4224 топ, «Жалпы медицина»
Кураторы: Егежанова Гульбаршын Мырзахметовна