2020 жылдың 25-26 ақпанында Семей медицина университетінің медицинадағы IT кафедрасының оқытушылары Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай Instagram әлеуметтік желісінде «Оқуға құштар ұлт» атты челлендж-конкурсына қатысуға шақырады.
Челлендж-конкурсқа барлық мамандықтардың 1 курс студенттері қатыса алады.
Челлендж-конкурсқа қатысу үшін бейнебаянды 20.02.2020 жылға дейін it.in.medicine@smu.edu.kz электрондық поштасына жіберу қажет.
Челлендж – конкурсқа қатысатын студенттердің бейнебаяндары кафедраның Instagram әлеуметтік желідегі smu_challenge_it парақшасы
арқылы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде Абай шығармаларын (ән, өлең, қара сөздер) орындау арқылы өткізіледі.
Челлендж – конкурс 25.02.2020 жылы кафедраның Instagram әлеуметтік желісіндегі smu_challenge_it парақшасында сағат 10.00-де жарияланады.
Челлендж-конкурстың қорытындысын сараптау үшін конкурсқа қатысушылардың бейнебаяндары ұнатушылар (лайк) санымен анықталады (парақшасындағы посттықима (скрин) 26.02.2020 күні, сағат 10.00-де жасалады).