2020 жылдың 14 ақпанында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 2134 тобы мен топ кураторы Н.С. Искакова ауған соғысында қаза тапқан жауынгер-батырларымызға тағзым етті. Аталмыш шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа өз отанын сүюге тәрбиелеу, және қазақстандық қоғамның тұрақтылық, бірлік және төзімділік сияқты басты құндылықтарды сіңіру.
Бәріміз білетіндей, 1989 жылдың 15 ақпанында кеңес әскерлері толығымен Ауғанстан жерінен шығарылған болатын. Осылайша, 10 жылға созылған соғыста Кеңес Одағы 15 мыңнан астам азаматтарынан айырылды. Бұл соғысқа 22 294 қазақстандық қатысты. Оның ішінде 928 қаза тауып, 19 хабар-ошарсыз жоғалып, жүздегені мүгедек атанды.