7-8 ақпан күндері Шәкәрім университетінде Семей қаласының пікір-сайысшы жастарының басын біріктіретін “ITF CUP 2020” қалалық пікір-сайыс турнирі өтті.
Турнирде “Конгресс” интеллектуалды дебат клубы инженерлік-технологиялар факультетінің деканы кубогын ортаға салды. Бұл сайысқа Семей қаласының барлық пікірсайысшылары қатысты.
Турнир нәтижесі бойынша “Қос кубокты” Семей медицина университеті студенттері иеленді:
1-орын: Нұрбақыт Исахан 440-топ, Мадияр Абдикамалов 439-топ.
“Үздік спикер” Еркежан Насырова 331-топ
“Жастар финалы” жеңімпаздары: Әсия Бақтыбаева 112-топ; Аружан Нұрболатқызы 121-топ.
Гранд финалистер: Еркежан Насырова 331-топ, Ботагөз Сағымбекова 120-топ.
Жеңімпаздар ордасы “САЛАУАТ” ДЕБАТ КЛУБЫН кезекті жеңістерімен құттықтаймыз! Алға баса беріңіздер!