1989 жылы 15 ақпанда соңғы кеңес әскерлері Ауғанстан мемлекетінен шықты. Осылайша Кеңес Одағы өзінің 15 мыңнан астам азаматтарынан айырылған 10 жылдық соғысты аяқтады. Қазақстандықтар Ауғанстандағы әскери жанжалға Кеңес әскери контингенті құрамында қатысты. Әскерлердің Ауғанстаннан шығарылған күні ауғандықтар мен ардагерлердің, қайтыс болған интернационалист-жауынгерлердің еске алу мен қайғы-қасіреттің күні екені айқын.
15 ақпан – елден тыс жерде соғысқан, әскери антына адал және жанқиярлықпен берілген, батылдық, қайсарлық пен батырлықтың жоғары үлгілерін көрсеткен барлық интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні.
“Семей медицина университеті” КЕАҚ ұжымында электрик лауазымында Корсаков Талғат Төлебайұлы, мобильді жұмыс тобы лауазымында Ахметов Даулетхан Базарханұлы сияқты жауынгер-интернационалистер еңбек етеді.
Көптеген жылдар бойы әскери дайындық кафедрасын басқарған және Болашақ медициналық қызмет офицерлерінің бір буынын тәрбиелеген, жауынгер-интернационалист, Қызыл жұлдыз орденінің кавалері, медициналық қызмет подполковнигі Марат Жүнісұлы Әбішев туралы естелік біздің жүрегімізде мәңгі қалады.
Ортақ мәдениет пен адамгершілікті қалыптастыру, қазақстандық мәдениеттің жетістіктерімен, рухани-адамгершілік құндылықтарымен таныстыру, әр ұлттың қадір-қасиетін, абыройын және тарихын құрметтеу рухында тәрбиелеу, Семей медициналық университетінің әскери дайындық кафедрасының курсанттарына әскери-патриоттық тәрбиені одан әрі дамыту мақсатында, Жалпы медицина факультетінің 8-ші взвод курсанттарының жеке құрамы интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қаза тапқан интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсетті.
Әскери дайындық кафедрасының оқытушысы
запастағы медицина қызметінің подполковнигі А. Матыцин