2020 жылдың 31 қаңтарында “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығының 4 курс студенттері кураторлар М. Б. Бейсенғазина, Ш. М. Токешева, С. К. Нұртазинаның жетекшілігімен Семей қаласының № 31 жалпы орта білім беру мектебінің акт залында 10 сынып оқушыларына коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша бірлескен сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатына 10-шы сынып оқушылары, оқу ісінің меңгерушісі Гайсина М. С. қатысты. Тыңдаушыларға ” Коронавирустық инфекция. Эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі және алдын алу”тақырыбы бойынша презентация көрсетілді. Студенттер Касымова А., Савченко С.( 401 топ ҚДС), Мейрханова А. (402 топ ҚДС), Жанбыршын А.(403 топ) 2019-nCoV инфекцияларының клиникасы мен профилактикасын баяндады, коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша ДДҰ стандартты ұсынымдарын ұсынды.
“Қоғамдық денсаулық” кафедрасының доценті Токешева Ш. М., оқытушылар Бейсенгазина М. Б., Нуртазина С. К.