2019 жылы 5 ақпанда жүрек-қан тамырлары және торакалды хирургия кафедрасында «Фтизиатрия» курсы бойынша студенттік ғылыми үйірменің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында СҒҮ студенттерінің баяндамалары тыңдалды:
- Исамдинова Гульзарам «АИТВ инфекциясы бар балалардың туберкулезі» тақырыбында;
- Зекенов Ернұр «Балалардың туберкулез аурушаңдығының жиілігі»;
- Жеңісбеков Адай «Қазақстан Республикасында туберкулезді анықтаудың уақтылығына статистикалық талдау» тақырыбында баяндама оқыды.
ҚР туберкулез мәселесі бүгінгі күнге дейін өзекті болып қалғандықтан баяндамалар қызығушылық тудырды. Баяндамашыларға сұрақтар қойылды. Туберкулезді диагностикалау және оның пайда болу себептері тақырыбы бойынша пікірталас өтті.
Алдағы конференциялар талқыланды.
Студенттік ғылыми үйірме хатшысы Адай Жеңісбеков