Құрметті интернатура түлектері!
Сіздерді 7R110500 «Аллергология және иммунология, оның ішінде балалар» мамандығы бойынша резидентураға оқуға шақырамыз. Оқу мерзімі – 2 жыл. Мамандық 2019 жылы білім сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз агенттікпен аккредитациядан өтті.
Аллергология мен иммунологияны зерттеудің өзектілігі Қазақстан халқы арасында осы патологияның өсуімен байланысты. ДДҰ болжамы бойынша XXI ғасырда аллергиялық және иммундық тапшылық аурулар бірінші орынға шығады. Осыған байланысты аллерголог-дәрігерлер мен клиникалық иммунологтарға қажеттілік артады.
КЕАҚ «СМУ» жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасы аллерголог-иммунолог резидентін дайындауға жауапты негізгі құрылымдық бөлімше болып табылады. Кафедра қызметкерлері (м.ғ.к., доцент Ягофаров Ф. Ф., м.ғ.к., доцент Сагиева Е. Я., м.ғ.к. Козубаева Д. Б., м.ғ.к. Кудайбергенова Н. К.) жоғары және бірінші дәрігерлік санаттарға ие.
Клиникалық базалары университеттік госпиталь (стационар, емхана, балалар бөлімшесі), Семей қаласының бүйрек орталығының токсикология бөлімшесі, Өскемен қаласының № 4 қалалық ауруханасының аллергология бөлімшесі болып табылады. КЕАҚ «СМУ» оқу-ғылыми зертханасының құрамында иммунологиялық зертхана бар.
Резидентурада оқу барысында сіз:
- аллергиялық аурулардың этиологиясы, патогенезі және клиникасы туралы заманауи түсінік алыңыз.
- аллергиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи түрлерін меңгеріңіз.
- сенсибилизацияны, спецификалық гипосенсибилизацияны, патологияның жедел түрлерінің спецификалық емес терапиясын анықтау әдістерін үйреніңіз.
- адамның иммундық статусын бағалаудың заманауи әдістерін үйренесіз, бұл адам денсаулығын сақтаудағы иммундық жүйенің рөлі туралы терең түсініктерді қалыптастыруға ықпал етеді.
- иммунопатологияның негізгі түрлері, олардың этиологиясы, патогенезі бойынша білім аласыз
- иммундық тапшылықты, аутоиммунды және аллергиялық ауруларды емдеуде иммунокоррекцияның негізгі принциптері мен әдістерін игересіз.
Біз сізді резидентураға түсу емтихандарында күтеміз.
КЕАҚ «СМУ» жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасы