2020 жылдың 13 ақпан күні СМУ ҚМЖО SCOPH қоғамдық денсаулық сақтау бойынша тұрақты комитеті белсенділерінің ұйымдастыруымен “Сколиоз” тақырыбында № 6 гимназияда іс-шара өткізілді.
Сонымен сколиоз – омыртқаның түзу қалпынан бүйір жағына қисаюы, яғни тіндердің өзгерістерімен, омыртқалардың ығысуымен және қисаюымен сипатталатын ауру. Тірек – қимыл аппараты ауруларының ішінде сколиоз жиі кездесетіндерінің біріне жатады.
Іс-шара дәріс форматында жүргізілді және активисттер сколиоздың профилактикасы үшін массаждың түрлерін көрсетті. Оқушылар белсенділер көрсеткен сауықтыру – шынықтыру жаттығуларын қайталады.
Бұл іс-шара бірінші рет өткізіліп тұрған соң дәріс ақпаратқа толы, ал жаттығулар мен массаж түрлері осындай аурумен жолыққан жағдайда көмектеседі деп сенеміз.
СМУ ҚМЖО SCOPH