2020 жылдың 14 ақпанында «Терапиялық стоматология» кафедрасында жас бастаушы ассистент Бекенова П.А. стоматология факультетінің 302 топ студенттеріне ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ «КеАҚ ашық сабақ туралы ережеге» сай өткізілді.
Ашық сабақ тақырыбы: «Тісжегі емі».
Ашық сабақ мақсаты: педагогикалық біліктілікті көрсету, педагогикалық шеберлікті бағалау және жетілдіру. Ашық сабаққа каф.меңгерушісі, доцент Хайдарова Н.Б., оқу ісі меңгерушісі, доцент Сулейменева Д.М., ассистенттер Сыздыкаева С.М., Молдажанова М.С. қатысып, ашық сабақ барысында жас мұғалімнің сабақ жүргізу әдісін, тәсілін, материалдарды талқылау және беру деңгейін, студенттердің дайындығын, қызығушылығын бағалады.
Ашық сабақ 3 кезеңнен тұрды: алдыңғы тақырыптарды қайталау «Ой сергіту»; 2 кезең SBL-TBL тәсілі бойынша; 3 кезең- сәйкестендіру. Сабаққа студенттерді белсендіру мақсатында мультимедиялық жүйе, ноутбук, интерактивті тақта, иллюстрация және де қызықты оқу тәсілдері қолданылды. Студенттер белсенді қатысып жұмыс жасады. Жалпы алғанда ашық сабақ қызықты, белсенді жүргізіліп, қойған мақсаттарына жетті.
Ашық сабақ соңында терапиялық стоматология кафедрасының доценттері мен білікті мұғалімдермен сабақ жүргізу тәсілін талқылады, ұсыныстар мен пайдалы кеңестер берілді. Ашық сабақ жүргізу әдісіне, жас бастаушы мұғалім Бекенова П.А. педагогикалық шеберлігіне жоғары баға берілді.