2020 жылғы ақпан айының 21-ші жұлдызы күні «Ана тілі – мәңгі өлмейтін бәйтерек» атты шағын ақпараттандыру сағаты жалпы білім беретін пәндер кафедрасының ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Р.Д. Рымбаеваның жетекшілігімен өтті.
Оған 1211 және 1318 «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 1 курс студенттері қатысты. Шағын ақпараттандыру 1318 топ студенттері Алтынболатова Аяулым мен Кенжеғалиев Бақытбектің жүргізуімен өтті.
Ақпараттандыру өткізудегі мақсат – халқымыздың туған тілін қалай құрметтеп, қалай мақтан ететіндігін көрсету. Соған орай Ана тілге қатысты дәріс жүргізілді. Дәрісте тіліміздің құдіреті жайлы, белгілі ақын-жазушылар жайлы мәлімет берілді. Ал ықылас танытқан студенттер танымал ақын-жазушының, Мұқағали Мақатаетың «Туған тілім», «Поэзия» атты өлеңдерін оқып берді.
Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Р.Д. Рымбаева