Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай 2020 жылдың 19 ақпан күні қоғамдық денсаулық кафедрасының шағын кітапханасында шағын кітапхана жұмысына жауапты Қайратова Гүлназ Қайратқызының бастамасымен ұлы ақын, ұлт поэзиясының кемеңгері Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасын насихаттау мақсатында «Абай мұрасы – халық мұрасы» атты іс-шара өткізілді.
Іс-шараны ашқан кафедра меңгерушісі Хисметова Зайтуна Абдулкасимовна өткізіліп отырған шараның мақсатына тоқталып, Абай мұраларын кеңінен дәріптеу арқылы жастардың бойында елжандылық қасиет қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Студенттер арасында ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы жайлы университет бас кітапханасы абонемент бөлімінің кітапханашысы, абайтанушы Искакова Айгерим Советқызы студенттер арасында викторина өткізді. 202 топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасынан белсенділік танытқан Илияс Дамирұлы және Мөлдір Қайырболатқызы ақын шығармашылығынан өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Қоғамдық денсаулық кафедрасы “СМУ” КЕАҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы Советов Бақытбек Советұлына демеушілік көрсеткені үшін ерекше алғыс білдіреді.