2020 жылдың ақпан айының 19-ы күні Семей Медицина университеті “Жалпы медицина” мамандығы бойынша 1 курс 1210 тобының студенттері Абайдың 175 жылдығына орай Семей қаласы Абай атындағы әмбебап кітапханаға барды. Бұл іс-шараның мақсаты Абай атындағы әмбебап кітапханамен және кітапхана тарихымен танысу, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығы мен өмірі жайлы ақпарат алу, қазақ жастарының бойына қазақтың тілі мен тарихын, өнері мен мәдениетін сіңіру.
Мыңдаған оқырмандардың ыстық ықыласына бөленген мәдениет ошағының шаңырақ көтергеніне ғасырдан артық уақыт өттіпті. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің шешімі бойынша кітапханаға қазақтың кемеңгер ақыны Абай есімі берілді.
Кітапхананы дамыту бөлімінің қызметкері Оспанова Анар Қабдоллаевнаның студенттерге арнап жүргізген экскурсиясының арқасында Абай атындағы кітапхананы толығымен танып білді. Кітахана әртүрлі жанрдағы, әртүрлі саладағы, әртүрлі тілдегі кітаптарды қамтиды. Кітаптарды оқу үшін арнайы оқу залы тағайындалған. Оқулықтарды кітапхана ішінде қолданып қана қоймай , белгілі бір мерзімге өзіңмен бірге алып кетуге рұқсат берілген. Сонымен қатар, кітапхана интернет желісімен қамтамасыз етілген. Осыған орай, кітапханада компьютерлер орнатылған. Кітапханада миды тынықтыру үшін арналған демалыс залы да бар. Әмбебап кітапхананың негізгі ерекшілі- Абай Құнанбаевқа арналған зал. Бұл бөлмеден Абай туралы көптеген ақпараттарды біліп, Абай өлеңдерінің алғашқы шығарылымдарын көрді.
Қорытындылай келе, бұл экскурсия арқылы, студенттер тарихты еске түсіріп, бойларына патриотизм, білімге деген құштарлық қасиеттерін қондыра алды деп ойлаймыз.
ЖББП кафедрасының аға оқытушысы Т.А.Муздыбаева
1210 ЖМ мамандығының студенті Қошанова Мөлдір