2020 жылдың 19 ақпанында КОММ СМУ SCOME тұрақты комитеттің белсенділері симуляциялық технологиялар кафедрасымен бірлесе отырып, жасөспірімдер мен жаттықтырушыларға «Жекпе-жек өнеріндегі тұншықтыру әдісінің механизмі мен оның салдары және Basic Life Support (BLS) әдісі арқылы салдарын болдырмау” және «Жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясына қарсы әдістер (Геймлих техникасы)» тақырыпта іс-шара өткізді.
Біз бүгінде жастардың белсенді өмір сүретіндігін білеміз. Соның ішінде олардың жекпе-жек шеберлігіне қызығушылығы зор екені мәлім. Бұл спорт түрінде икемділік пен төзімділік маңызды рөл атқарады, сондықтан оны дұрыс дамыта білу маңызды. Жаттығу барысында палуан өзіне үлкен физикалық күшті артады. Мұндай жаттығулар барысында жарақат алу сирек емес. Сондықтан мұндай дағдыларға “AS MANSUR Team” сияқты мектептерді үйрету қазіргі уақытта өзекті.
Іс-шара лекция түрінде өткізілді. Онымен қатар, біздің белсенді студенттеріміз манекенде мойын омыртқасының анатомиясын, оның тұншықтыру әдісімен байланысын көрсетті. Спортсмендерді Basic Life Support (BLS) дағдысымен және жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы жағдайындағы дағдыға үйретті.
Бұл іс-шара барлық қатысқан спортшылар үшін маңызды болды деген ойдамыз және болашақта олар жарыстарда және жаттығуларда тұншығудың салдарын алдын алады деп үміттенеміз.
Темирханов Амир, 539 топ, «Жалпы медицина»