2020 жылдың 21 ақпанында қоғамдық денсаулық кафедрасының оқытушысы Н.С. Искакова «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 2134 кураторлық тобымен Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметтерімен танысып қайтты. Аталмыш шараның басты мақсаты – жастарды кітап оқуға ынталандыру, отандық және әлемдік әдебиеттерді оқу арқылы өз білімдерін кеңейту. Осы шараның аясында кітап оқығысы келіп, қалаған студенттер абонементке тіркеліп үйге кітап алды. Кітапхананың барлық қызметтері тегін көрсетіледі. Кітапхана қызметкерлері университет студенттері мен оқытушыларымен ары қарай серіктестікті жалғастыруға дайындығын айтты.
Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы – Қазақстандағы ең көне кітапханалардың бірі. Мыңдаған оқырмандардың ыстық ықыласына бөленген мәдениет ошағының шаңырақ көтергеніне 130 жылдан артық уақыт өтті.