Бүгін кураторлық тобыммен Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрына кезекті рухани азық алуға бардық. Театр іші өнер сүйер көрерменге лық толы болды. Өйткені бүгін “Абай” трагедиясының шымылдығы ашылған күн. Премьераға театр ұжымының аса дайындығы сезіліп тұрды, холлда Абай атамыздың құлақтан кіріп бойды алар әуезді әндері біздерге керемет жайма шуақ күй сыйлады.
Бас ақынның мерейтойына байланысты жалпы елімізде, оның ішінде, өзінің туған жері Семейде біршама игі істер атқарылуда. Бүгінгі тамашалаған қойылым ақиық ақынның өміріне арналған-ды. Психологиялық драмалық қойылым – Мұхтар Әуезовтің “Абай” трагедиясының желісі бойынша және Абайдың өлеңдері мен қара сөздері, аудармалары негізінде туындаған. Қойылымда «Соқтықпалы соқпақсыз жерде өсіп, мыңмен жалғыз алысқан жанның» тереңдегі жұмбағы, Абай азабының айтылмай қалған тылсым бейнесі көрсетілді. Бүгінгі қойылымды көруге келгендердің кейбірі қойылымды түсінбеген де болар. Өйткені, абстрактті дүниелер мен теңеу тәрізді образдар көп болды. Абайдың жанын оның шәкірті Керім, ал Ажар мен Айдардың тағдырына араша түскен Абайға қара халықты қарсы қойған Оразбай тобын бірнеше актерлер сомдады. Абай Оразбай тобымен арпалыса отырып өзінің шәкірті Керіммен, қазақ ұл-қыздарының бас-бостандықтарын алып беру үшін заң жазғаны бейнеленді. Трагедия деп аталғанымен арасында біраз күлетін жері де болды. Жалпы мен және менің кураторлық тобым үлкен әсер алып шықтық. Оларға “Абай жолын” бір қайтара оқу керек екен деген ой келді. Абайды мектепте оқыған бір бөлек, есейгенде оқып-тану бір бөлек екені сөзсіз. Осындай бізге керемет мүмкіндік беріп отырған білім ордамыз, alma mater Семей медицина университетіне алғысымыз шексіз.
Біздер, жастарға Абай атамыз артынан үлкен асыл мұра қалтырып кеткен, ал біздің мақсатымыз – сол асыл мұраны дәріптеп, пір тұтып, қадірлеп келешек ұрпаққа қаз қалпында тапсыру.
Неврология кафедрасының тәрбие ісінің асситенті Енсибаева Шолпан Дүйсенханқызы[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:1|h_tablet:1|v_tablet:1|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”proportional” resized_image_dimensions=”1×1″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”disabled” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]
[/vc_column][/vc_row]