«Қайырымдылық жасау»

«Қайырымдылық жасау»

22.02.2020ж Профессор Т.А.Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасының оқытушысы, Кулямирова Жанар Орынтаевнаның бастауымен жалпы медицина факультетінің     320-ы,327-і кураторлық топтары «Қайырымдылық жасау» мақсатында бес баласы бар Амиргалиева Асель ханымның  отбасына барып қайтқан болатын.Студенттер ең бастысы отбасыға мейірімділік ,жылулық  сыйлап қана қоймай қажетті азық-түліктермен ,киім-кешектермен отбасын қуантты..Отбасында екі егіз қыз,үш ер бала болды.Көздері жалындап ,болашақ  дәрігер аға –әпкелерін көргенде балалар қатты қуанды.Анасы кураторымыз Кулямирова Жанар Орынтаевның осындай бастамашылдығына ,ұйымшылдығына өз алғысын білдірді.Отбасы да мәз, біз де мәз боп қайттық.Студенттер болашақта осындай шараларды кураторымызбен көптеп өткізсек деп жоспарлауда.

Талғатова Бекзат Талғатқызы 320-топ студенті

Жарияланды:
Автор:Ainura Zhabaeva
Рубрикалар: Қоғамдық өмір