Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай, Семей медицина университеті Медицинадағы IT кафедрасының оқытушылары 2020 жылдың 25-26 ақпанында Instagram әлеуметтік желісінде Абай шығармаларын насихаттауға бағытталған «Оқуға құштар ұлт» атты челлендж –конкурсын өткізді.
Абай қазақ халқының басты тұлғасы. Оның шығармасы елімізде жылдан жылға мұра болып ұрпақтан-ұрпаққа беріліп қана қоймай, әлем тілдеріне аударылып, дүние жүзіне таралып жатыр. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы Абайдың 175 жылдығын бүкіл республика бойынша атап өту туралы қаулыға қол қойған. Осыған орай Абай атамыздың мұрасын, оның өсиеті мен мол өнегесін санамызда жаңғырту үшін кафедраның кураторлық топ студенттері ақынның әндерін орындап, өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқыды.
Челлендж-конкурсқа «Жалпы медицина», «Стоматология», «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтарының 1 курс студенттері қатысты. Студенттер белсенді өнер көрсетіп, кафедраның Instagram әлеуметтік желідегі Smu_challenge_it парақшасында бейнебаяндарды орналастырды. Дауыс беру нәтижесі бойынша – бейнебаянды ұнатушылар саны бойынша 1 орынды – «Стоматология» мамандығының 1331 тобы, 2 орынды – «Жалпы медицина» мамандығының 1319 тобы, 3 орынды – «Стоматология» мамандығының 1329 тобы иеленді. Байқауға қатысушылар мен жеңімпаздар сертификаттармен және дипломдармен марапатталды.
Медицинадағы IT кафедрасы