2020 жылғы 26 ақпан күні жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушылары және ЖМ 1120, 2113, 2509 топ студенттері және топ кураторлары М.Д. Жорокпаева, Н.М. Абешовалардың ұйымдастыруымен университтеттің кітапханасында «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» атты қалалық ардагер әжелермен 1, 2 курс студенттеріне кездесу өткізді. Кездесуде ардагер ұстаз, тәлімгер, қоғам қайраткері, ардақты әже Абешова Айгүл Шәріпқызы әже тәрбиесін көрген қазақтың ұлы тұлғаларын еске алып, Абайдың әжесі Зеренің тәрбиесі туралы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолынан» мысалдар келтіріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында шетелдік студенттердің өтініші бойынша Абайдың 1891 жылы жазған «Көзімнің қарасы…» өлеңін орындап берді.
Топ кураторлар: М.Д. Жорокпаева, Н.М. Абешова