Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер

Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер

Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушылары және ЖМ 1120, 2113 топ студенттерінің ұйымдастыруымен университтеттің кітапханасында «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» атты қалалық ардагер әжелермен 1, 2 курс студенттеріне кездесу өткізді. Кездесуде ардагер ұстаз, тәлімгер, қоғам қайраткері, ардақты әже Айгүл Шәріпқызы әже тәрбиесін көрген қазақтың ұлы тұлғаларын еске алып,  Абайдың әжесі Зеренің тәрбиесі туралы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолынан» мысалдар келтіріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында  шетелдік студенттердің өтініші бойынша Абайдың 1891 жылы жазған «Көзімнің қарасы…» өлеңін орындап берді.

Қазақ үшін ата мен әже тәрбиесі ерекше мектеп. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған. Қазақтың дәстүрлі бала тәрбиесінде көргенділік тәрбиенің ең жоғарғы формасы болып табылады. Әже мен атадан тәлім алған немеренің рухани жағынан тәрбиелі, көргенді азамат болып, ержетуінің, елдің аузына ілігер көшелі азамат болып қалыптасуының негізі.

 

ЖБПП кафедрасының оқытушылары,

ЖМ 1120, 2113 топ студенттері

Жарияланды: