Қазақ -Анасы мен баласын жылатпаған халық. Үлкеннің батасымен, ананың ақ сүтімен дарыған ақ ниетпен өзгелерге көмек қолын созу ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан асыл қасиет болып келеді. Осы дәстүрді сақтаушы ретінде 4328-топ студенттерімен топ кураторы Майгул Бектуровна аналар мен балаларға пана болған “Аналар үйінде” волонтерлік шара өткізді. Студенттер Өзекті мәселелер жайлы лекциялар оқып, жас аналарға компьютерлік сауаттылық бойынша көмектесті.
Алдағы уақытта студенттер “Аналар үйіне” қол ұшын созып, компьютерлік сауаттылық бойынша сабақтар өткізуге дайын екендерін жеткізді.
Факультеттік терапия кафедрасы