2020 жылдың 4 наурызында отбасылық медицина кафедрасында Жалпы Медицина мамандығының 536-топ студенттері мен кураторы м.ғ.д. РЖА профессоры Әділғожина С.М. ұйымдастыруымен көктемнің тұңғыш мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған жиын өтті. Көктемнің алғашқы мерекесі ананың аялы алақанындай жүректерге жылулық ұялатады. Адамзаттың нәзік жандарына арналған мереке табиғаттың оянуымен бірге келіп отыр.
Тәрбие сағаты Салтанат Муратбековнаның құттықтау сөздерінен басталды. Осы көктем айының шуақты күндері қыздардың жанұяларына құт береке, нәзік сезім, шуақты көңіл-күй, тәндеріне саулық деген ізгі тілектер айтылды.
Топтың ұлдары қыздар қауымын құттықтап, кішігірім сыйлықтарын тарту етті. Бұл шара қатысушыларға мерекелік көңіл-күй, жанға жылулық пен көктемгі нәзік сезім сыйлады.