2020 жылдың 2 наурызы күні ҚМЖО ұйымы SCOPH комитеті ұйымдастыруымен “ Никотинді витаминге ауыстыр “ атты іс – шара өткізілді .
Іс- шара мақсаты : қала тұрғындарын темекі өнімдері зияны жайлы ақпараттандыру , салауатты өмір салтын насихаттау , шылым шегу зияны жайлы хабарландыру . Макулатура өткізгеннен алынған ақшаға жемістер мен витаминдер сатып алынды . Активисттер қала тұрғындарымен шылым шегудің зардаптары жайлы ой алмасып , темекілерін жеміс немесе витаминге ауыстыруын сұрады . Осылайша темекі өнімдері және жалпы зиянды әдеттерге деген көзқарасты өзгертуге септігімізді тигізе алдық деп үміттенеміз . Салауатты өмір салты – керемет , ол әрбір адам ұмтылуы тиіс нәрсе , себебі денсаулық – зор байлық !