“Өмір тынысы” және “World Diabetes Day “ атты екі іс- шара

“Өмір тынысы” және “World Diabetes Day “ атты екі іс- шара

2020 жылдың 29 ақпан күні ҚМЖО ұйымы белсенділерінің , соның ішінде SCOPH қоғамдық денсаулық сақтау бойынша тұрақты комитетінің ұйымдастыруымен қалалық деңгейде “Өмір тынысы” және “World Diabetes Day “ атты екі іс- шара өткізілді.
Өткізілу орны : “Қазына “ СҮ.
Артериялық гипертензия жүрек- қан тамыр жүйесінің ең көп таралған ауруларының бірі, яғни жер шарының 20-30 % осы ауруға шалдыққан салдарынан медицина саласындағы өзекті мәселелердің бірі.
Іс- шара мақсаты : Сауда үйіне келген қонақтардың қан қысымын өлшеу , қан қысымының қалыпты көрсеткіштері туралы айту, тұрғындарды гипертензия және оның алдын алу бойынша ақпараттандыру . Қан қысымын өлшеуден бөлек , артериялық гипертензия және оның профилактикасы туралы брошюралар таратылды .
Қант диабеті адамдардың өлімі мен мүмкіндігі шектелуіне алып келетін үштікке кіретін маңызды ауру . Біздің мақсатымыз СҮ қонақтарын қант диабетінің пайда болуының қауіп факторлары жайлы , алғашқы белгілері мен симптомдары , емі мен профилактикасы жайлы ақпараттандыру болды . Активистер брошюралар таратып , адамдармен қант диабеті туралы сұхбат жүргізіп , талқылады .
“ Қазына “ СҮ әкімшілігіне іс- шара өткізуге мүмкіндік бергендері үшін алғысымызды білдіреміз .
Жарияланды:
Автор:Ainura Zhabaeva
Рубрикалар: Оқушылар