«Ардагерлерді ардақтайық» атты акциясының аясында көмек көрсетілді

«Ардагерлерді ардақтайық» атты акциясының аясында көмек көрсетілді

Қалыпты физиология кафедрасы қамқорлыққа алып жүрген Ұлы Отан соғысы Ардагері Кәмкетай Байыровтың үйіне «Жалпы медицина» мамандығының 215 топ студенттері «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының  бастауымен «Ардагерлерді ардақтайық» атты акциясының аясында 2020 жылдың ақпан айында барып, жанұясына ауыз толтырып айтарлықтай шаралы әрекет жасады: биылғы қарға мол қысқа тән әрекет шараларын жасадық.

«Жас келсе – іске…» демекші студенттер ардагердің тұрмыс-тіршілігімен танысып, қыстық  маусымдық жұмыстарын жүзеге асыруға, келе жатқан көктемде ауланы су басуының алдын алуға, санитарлық тұрғыдан үлкен көмек көрсетті.

Соңында бұл шараға қатысушылар 94 жастағы ардагермен кездесіп, әңгіме-сұхбат құрып (әрине зейнеткер адамға әңгіме есту және өз басынан кешкен әңгімелерін тыңдайтын адамның бар болуы – психологиялық тұрғыдан ем-шараның бір айрықша түріне жататындығына бәрімізге белгілі), болашақ дәрігерлер ретінде ауырмай ұзақ өмір сүруіне тілектестіктерін білдірді. Риза болған ардагер, 7 жыл теңіз әскерлерінің қатарында өзінің азаматтық борышын өтеу барысында және сұрапыл қан соғыстағы басынан кешкен, сондай-ақ, өзінің майдандастары туралы есте қалған оқиғаларымен бөлісті. Жанұясы туралы, сонымен қатар, балалары жайлы сұхбатын ортаға салды. Көп жылдар ішінде, соғыстан соң Аягөз теміржол станциясындағы елеулі еңбектері туралы әңгіме қылды. Отан қорғау жолындағы және бейбіт өмірдегі еңбектерінің еш кетпегендігін, олар бағаланғандығын және сол үшін елімізге, үкіметке зор ризашылығын білдіретіндігін айтты. Таяуда дүниеден өткен жарына деген сүйіспеншілігін айрықша мейіріммен жеткізе білді. Өзін үнемі еске алып, жай-күйін біліп тұратын жергілікті үкімет өкілдеріне алғысын білдіріп отырды. Марапаттау жағынан кенде еместігін еске салып отырды.

Студенттер ардагерге ұзақ өмір тілеп, сұхбатына рахмет айтты. Ал осы бақытты жастық шақтары үшін ардагерлердің Ұлы Отан соғысында елімізді қорғау үшін төккен қан мен терлерін және есіл ерліктерін ешқашан ұмытпайтындықтарын және осындай ардагерлерді мақтан тұтатындықтарын баяндады.

Ардагер өз тарабынан ризашылығын білдіріп, студенттерге сабақтарына жеміс тілей отырып батасын беріп, қоштасып шығарып салды.

 

Н. Рахимбаева, «Жалпы медицина» мамандығының 215 топ старостасы

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар