2020 жылдың ақпан айының 21 жұлдызы Семей медицина университетінде ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Абай мұрасы – халық қазынасы» атты кең көлемді кітап көрмесі өткізілген болатын. Аталмыш іс-шараға қалыпты физиология кафедрасының доценті Сайдахметова Айгүл Сайдахметовна жетекшілік ететін «Жалпы медицина» мамандығында білім алатын 215 топ студенті Рахимбаева Наргиз Роллановна қатысты.
Наргиз көрмеде Абайдың 19-шы қара сөзін оқып, ұлы ақынның адами қасиеттерінен көрермендерге мазмұнды мағлұматтар берді. Және де осы кеште өзінің ақын өмір жолы мен тың шығармаларын зерттеушілердің еңбектері туралы деректермен тереңірек танысқандығын көрсете білді.
Біздің әрқайсымыз Абай сөздерінен нәр алып, сол шығармалар негізінде көзқарастарымыз қалыптасқан жастармыз. Дегенмен де, ұлы Абай философиясына толығымен өрісіміздің жетіспегендігін сезіндік. Әлі аларымыз мол, терең түсінуімізге ақын шығармашылығымен танысуымыз жүйелі түрде жалғасуы тиіс екендігін түсіндік.
Абайдың қара сөздері, яғни ғаклия шығармашылығының мәнін ұғу үшін терең философиялық көзқарасты қалыптастыру қажет. Өткізілген шара арамыздағы талапты жастардың өнерін ашуға, жаңа қырларынан көрінуге айрықша маңызды деп білеміз.
Осындай терең мағыналы кешті ұйымдастырған кітапхана ұжымына алғысымызды айтамыз!
Мәншүк Елубаева, «Жалпы медицина» мамандығының 215 топ студенті