Электрондық кітапханалық ресурстармен жұмыс бойынша мастер-класс өтті

Электрондық кітапханалық ресурстармен жұмыс бойынша мастер-класс өтті

СМУ ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасында кітапхана қызметкерлері – ақпараттық қызмет көрсету бөлімінің аға маманы Өсербаева Роза Советкановна және қызмет көрсету бөлімінің маманы Жетписова Бақытгүл Бажанқызы кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамына ЖОО-да жұмыс істейтін электрондық кітапханалық ресурстармен UpToDate клиникалық медицина бойынша ақпараттық ресурс және Cochrane дәлелді медицина базасы бойынша мастер-класс өткізді.

Кітапхана қызметкерлері нақты уақыт тәртібінде оқу үдерісі мен клиникалық практикаға қатысты қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша өзекті ақпаратты іздеу мүмкіндігін көрсетті. Оқу үрдісінде электронды ресурстармен жұмыс істеуге осы кезде кафедра базасында болған студенттер де белсенді түрде тартылды. Оқу бөлмелерінде интернет-хабардың болуы әрбір білім алушыға жеке мәліметтер базасына кіруге және сабақ тақырыбы бойынша ақпарат іздеуге мүмкіндік берді. Мастер-класс күнделікті оқу-клиникалық практикада қажетті құзыреттіліктерді игерумен және жетілдірумен оқу үдерісі аясында нәтижелі өтті.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі