2020 жылдың 10 наурызында СМУ симуляциялық технологиялар кафедрасы базасында м.ғ.к., ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының ассистенті Л.К. Жазықбаева «Жалпы медицина» мамандығының 305 тобы студенттерімен бірге сабақ өткізді. Тақырыбы «Өкпенің аускультациясы».
Модельдеу аппараттарының көмегімен студенттер қалыпты және патологиялық жағдайда негізгі және қосымша шуды ажырата білді.
Оқу-клиникалық орталығындағы тренажерлер білім алушылардың дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді, алған білімдерді жақсартады. Студенттерге бұл форматтағы сабақ оң кері байланыс берді.
«Жалпы медицина» мамандығы 305 тобының студенті Анель Амангельдинова