“Level Up” клубының ұйымдастыруымен студенттерге ағылшын тіліндегі медициналық терминологияны онлайн оқытуда

“Level Up” клубының ұйымдастыруымен студенттерге ағылшын тіліндегі медициналық терминологияны онлайн оқытуда

Семей медицина университетінің “Level Up” клубының ұйымдастыруымен студенттерге ағылшын тілінде медициналық терминологияны онлайн оқыту сабақтары басталды. Сабаққа 1, 2, 3 курс “Жалпы медицина”, “Стоматология” мамандықтарының студенттері білім алуда. Сабақты “Level Up” клубының жетекшісі, ЖББП кафедрасының оқытушысы Ж.Қ. Жайрбаева және “Level up” клубының студент мұғалімдері өткізеді. Жалпы онлайн сабақ алып жатқан студенттер саны 66. Сабақ аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері), студенттерді топқа бөлу арқылы қолайлы уақыттарында өткізілетін болады. Әр сабақта студенттерге тапсырмалар беріліп, мұғалімдермен видео арқылы сөйлесіп, тексеріледі.

 

«Level Up» клубының жетекшісі: Жайрбаева Ж.К.

«Level Up» клубының лидері: Жумашева Г.Б.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар