«Семей медицина университеті» КеАҚ-на түсуге жоспарлаған, ағымдағы жылғы және өткен жылдардағы орта білім беру, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары түлектерінің назарына!
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 02 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес, ағымдағы және өткен жылдардағы орта білім беру ұйымдарының, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері жоғары оқу орындарына түсу үшін 5 пән (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және 2 (екі) бейіндік пән (биология, химия) бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) тапсырады.
Білім беру бағдарламаларына (туыс емес) түсуге ниет білдірген колледж түлектері жалпы негізде ҰБТ тапсырады. ҰБТ тапсыру форматымен Сіз Ұлттық тестілеу орталығының (ҰТО) сайтынан таныса аласыз http://testcenter.kz/ru/.
- ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш беру мерзімі.
Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, өткен жылдардағы орта білім беру ұйымдарының бітірушілеріне және техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш беру мерзімі ағымдағы жылдың 20 сәуірінен 10 мамырына дейін қабылданады.
Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдары түлектерінің және шетелде оқыған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардың өтініштері ағымдағы жылдың 20 сәуірінен 10 мамырына дейін қабылданады.
- Ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап түсуші ҰТО-ның http://testcenter.kz/ru/ ресми сайты арқылы ҰБТ-ға алдын ала өтініш бере алады. Алдын ала өтініш берген кезде, түсуші міндетті түрде ЖОО-ның қабылдау комиссиясына құжаттарды ұсына отырып, мәліметтер базасына тіркелуі тиіс. Аталған интерфейсте түсуші өзінің жеке мәліметтерін енгізгеннен кейін екі түрлі әдіспен: банк карточкасы немесе Kaspi.kz арқылы тестілеуге ақы (міндетті төлем батырмасы бар) төлеуі тиіс. Тестілеу бағасы – 2242 теңге.
- ЖОО-ның қабылдау комиссиясына ҰБТ-ға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
– белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш (ЖОО-да беріледі);
– орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаты (түпнұсқа);
Ескерту:
– техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күнтізбелік жылғы бітірушілері білімі туралы құжаттың орнына, белгіленген нысан бойынша (жүктеу), білім алған мамандығының (біліктілігінің) коды мен атауын көрсете отырып, өзі оқыған білім беру ұйымы беретін, ағымдағы жылы оқуды аяқтағандығы туралы анықтама береді;
– халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ күнтізбелік жылғы бітірушілер аттестат немесе дипломның орнына еркін түрдегі нысан бойынша өзі білім алатын орта білім беру ұйымының анықтамасын және осы анықтаманың нотариалды куәландырылған қазақша немесе орысша аудармасын тапсыра алады.
– жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
– электронды нысандағы 086-У нысандағы медициналық анықтама;
– 3×4 см көлемдегі екі фотосурет;
– тестілеуді өткізу үшін төлем туралы түбіртек;
– А4 форматты 1 конверт.
- ҰБТ-ға қатысу үшін төлемді Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің барлық кассаларында жүргізуге болады.
Төлемнің мақсаты – «Кешенді тестілеу үшін».
Сондай-ақ «Қазақстан Халық Банкі» АҚ терминалдары арқылы ғана ақы төлеуге болады (реквизиттерді жүктеу).
ҰБТ өткізу құны – 2242 теңге.
- ҰБТ өткізу мерзімі: ағымдағы жылдың 20 маусымынан 05 шілдесіне дейін.
- ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен немесе нысаналы трансферттер шеңберінде республикалық бюджеттен түскен қаражат есебінен, білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға ниет білдіруші, және (немесе) ақылы оқуға қабылданушы «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім саласы бойынша кемінде 65 балл (ең жоғары балл – 140) жинауы тиіс. Оның ішінде Қазақстан тарихы бойынша – 5 баллдан кем емес; математикалық сауаттылық бойынша – 5 баллдан кем емес; оқу сауаттылығы бойынша – 5 баллдан кем емес; әрбір бейіндік пән (биология және химия) бойынша 5 баллдан кем емес.
- Арнайы психометриялық емтихан бойынша ақпарат (өткізу кестесі мен орны) кейінірек жарияланады.
ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯ
Мекен-жай: 071400 Абай облысы, Семей қаласы,
Абай Құнанбаев көшесі, 103, 222 кабинет
Телефон: 8 (7222) 32-61-80, 8 778 008 57 56
Email: admission@smu.edu.kz
[/vc_column_text][vc_single_image image=”51830″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]

