Сәуірдің 16-сы күні Семей медицина университетінің «Қыз Жібек» қыздар ұйымы оқытудың қашықтықтан өткізілуі себебінен Zoom қосымшасы арқылы онлайн-конференция өткізді. Конфереция студенттердің күнделікті дұрыс тамақтануы жайлы болды. Іс-шараның басты мақсаты студенттерді дұрыс, яғни дәрумендер мен минералдарға бай, құнарлы тамақтарды тұтынудың маңыздылығы жайлы ақпаратпен қамтамасыз ету болды. Конференция барысында қыздар өздерінің тамақтану режимімен және де күнделікті пайдалы тағамдарды тұтынудың маңыздылығымен бөлісті. Конфереция нәтижесінде клуб мүшелері өздерінің дұрыс тамақтану жайлы білімдерін арттырды.