Университетіміздің «Жалпы медицна» мамандығының студенттері неврология пәнін 3-ші және 5-ші курста оқиды. Қашықтықтан оқыту басталғаннан кейін оқытушылар мен студенттер үйреншікті оқыту тәсілдерін өзгертуіне тура келді. Бұл бір мезгілде қызықты және қиын. Оқытушылар студенттердің пәнді жақсы түсінуі және олардың назарын ұстап қалу үшін оқытудың әр түрлі тәсілдерін табуға және енгізуге тырысады. Студенттер өз бетінше көбірек білім алуға, топ бойынша оқытушылар мен қатарлас студенттерді қолдауға тырысады. Мәселен, WhatsApp, Zoom, Hangouts бағдарламалар тақырыптар бойынша мәселелерді талқылау, кейстерді шешу, студенттердің дайындығы мен белсенділігін мониторингілеу үшін пайдаланылады. KEYPS бағдарламасы студенттер мен оқытушыларды оқытудың мақсаттары мен міндеттерін түсіну, қажетті оқу материалдарын ұсыну, әкімшілік тарапынан студенттерді бағалау және мониторинг жүргізу үшін өте пайдалы. Дистанциялық жағдайларда қалыптастырушы бағалауға арналған сұрақтар бұрынғыдан қарағанда күрделене түсті. Бұл студенттердің есте сақтау қабілетін арттыру үшін өте маңызды дүние деп білемін.
Осылайша, қалыптастырушы баға – бұл студенттердің білімін тексеру ғана емес, сонымен қатар оқытудың маңызды құралы. 5-курс студенттері сабақтан кейін және бітіру емтихандарына дайындықтан кейін неврология дағдыларын меңгереді, бейнероликтер түсіреді және оларды өз оқытушыларына кері байланыс алу үшін жібереді. Осы дағдыларды меңгерген студенттер өздерінің курстастарына оқу үрдісінде көмектеседі.
Шыдамдылық, еңбексүйгіштік, тәртіп және өзара қолдау қазір оқу жылын табысты аяқтау үшін өте маңызды. Біздің студенттер мен университет қызметкерлері осы қасиеттерге ие екеніне сенімдімін.
Неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасының ассистенті Ш.Д. Енсибаева

