Анатомияны қашықтықтан оқыту

Анатомияны қашықтықтан оқыту

Бірінші курс үшін анатомия пәні күрделі пән болып табылады. Әдетте бірлескен аудиторлық жұмысты талап етеді, онда студенттер анатомиялық препараттарды, мүсіндерді қолданып тақырыпты талдайды, күрделі сұрақтарды талқылайды, практикалық дағдыларды жетілдіреді.

Барлық жоғары оқу орындарының қашықтықтан оқытуға көшуі туралы хабарланғаннан кейін анатомия кафедрасының оқытушылары оқытудың жаңа форматына –Zoom жүйесінде видеоконференцияға, сондай-ақ WhatsApp аудио, бейне қоңырау – аралас әдістеріне көшті. ­Өткен аптада бірінші курстың 1317 тобында аға оқытушы Есболатова аралас әдістерді қолдану арқылы сабақ жүргізді, алдымен видеоконференция форматында тақырыпты түсіндіру және талқылау одан әрі студенттерге арналған WhatsApp, аудио, бейне қоңыраулармен әр түрлі жалпы және жеке тапсырмалар ұсынылып, талданды.

Қашықтықтан оқыту форматы оқытушылармен нақты уақыт тәртібінде оқытуды, сондай-ақ ұсынылған материалды өз бетінше зерттеуді білдіреді. Қажет болған жағдайда студенттердің оқытушымен байланысуға және өткен материалдар бойынша өздеріне қиын сұрақтарды қоюға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар әр сабақтан кейін кері байланыс жүргізіледі.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі