КеАҚ “СМУ” жұқпалы аурулар және иммунология  кафедрасы бакалаврлар үшін қашықтықтан оқыту

КеАҚ “СМУ” жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасы бакалаврлар үшін қашықтықтан оқыту

КеАҚ “СМУ” барлық студенттері 16 наурыз 2020 жылдан бастап  коронавирустың қауіптілігіне байланысты қашықтықтан оқуға кірісті.  Кезекті цикл жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасында 28.04.2020 ж.,  4221 топ “Жалпы медицина” мамандығының он-лайн режимінде басталды.   “Ересектердегі инфекциялық аурулар” циклы блюпринтке сәйкес 10 семинардан, соның ішінде теория және практикалық дағдыдан тұрады. Бірінші сабағымыз ZOOM платформасындағы видео-конференциядан басталды, “Мамандыққа кіріспе лекциясы” оқытылды. Сабақты өту барысында тесттік тексеру,  WhatsApp мессенджері және электрондық почта қолданылады. Студенттер конференцияға кіріп қолдануды біледі, семинарды өткізуге көп пайдасын тигізді.                                                                                                 4221 ЖМ тобының студенті Кенжебаев Дәулет Кайратовичті ерекше айтқымыз келіп тұр, қаламыздың провизорлік стационарында жұмыс істеп, өзінің болашақ мамандығына үлесін қосып, патриоттылығымен көзге көрінді. Дәулетке тілеріміз сәттілік және  провизорда барлық сақтау шараларын қатаң түрде сақтап, өзіне абай болуын тілейміз.

КеАҚСМУ” жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасы

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі