Жалпы білім беретін пәндер кафедрасындағы қашықтықтан оқыту

Жалпы білім беретін пәндер кафедрасындағы қашықтықтан оқыту

КеАҚ «Семей медицина университеті» жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушылары қашықтықтан оқытуды жүйелі және  тиімді  өткізу мақсатында түрлі әдістерді қолдануда.  Қазақ тілі пәнінен студенттер ұсынылған материалдарды KEYPS жүйесіндегі блюпринттер арқылы танысқаннан кейін, пән оқытушысы Н.М. Абешова «Zoom» платформасы, «WhatsApp» мессенджері арқылы пысықтап тексеріп, студенттердің сұрақтарына жауап береді. Сабақ барысында Zoom» платформасы тілдамыту жұмыстарына қолайлы болса, «WhatsApp» мессенджері арқылы  студенттер сауатты жазуға дағдыланады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз үндеуінде айтқандай, бүгінгі жағдай – уақытша дүрбелең. Бұл қиындықты бәріміз бірігіп, ауызбіршілік танытып, еңсеріп шығамыз.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі