Медициналық университетте қашықтықтан оқытудың мүмкіндіктері туралы

Қашықтықтан оқыту жағдайында ғылымның, білімнің және медициналық практиканың үштұғырлығын жүзеге асырудың мысалы ретінде, гепатеренальды синдромның дифференциалды диагнозын қажет ететін ауыр коморбидті нефрологиялық патологиясы бар науқасты клиникалық талдауға арналған 24.04.20ж. ZOOM алаңында факультеттік терапия кафедрасының ұйымдастырылуымен телекөпір өткізілді. Телекөпірді жүргізуге келесі мамандар қатысты: факультеттік терапия кафедрасының ПОҚ – проф. Жұмаділова Зауреш Кенжекановна; кафедра меңгерушісі, доцент Қасқабаева Алида Шариповна; доцент,  жоғары санатты нефролог Алибекова Рабига Изетовна; кафедра доценті Муздубаева Жанна Ергалиевна;  кафедраның ассистенті Ботабаева Айнур Серикжановна, Селгазина Майгуль Бектуровна, сонымен қатар 4 курс студенттері мен интерн терапевтер. Емдеуші дәрігері асс. Барқыбаева Нургул Рамазановна, науқастың ауру тарихын баяндап берді, кафедра мамандары клиникалық синдромдарын. Ауру анамнезін, диагностикалық критерилерін, гепатореналды синдромдарды жоққа шығарумен бүйрек ақауының механизімін талқылады және нәтижесінде мезентериалды лимфа түйіндерінің және б.йрек түберкулезінің арнайы жұқпалы ауруларын жоққа шығару үшін диагностикалық шараларды жүргізу қажеттілігі екендігін атап айтты.
Студенттер тәлімгерлердің, кафедраның профессор-оқытушылар құрамының онлайн режимдегі сирек кездесулерінің куәсі болып қана қоймай, «әрекет етуде» мамандардың ісін көріп, естіді. Студенттердің көптеген пікірлерінен, олар көрген және естіген нәрселеріне қайран қалды, қарым-қатынас жасау дағдыларында, субординацияны сақтауда, көп сөзсіз клиникалық ойлаумен мәселені шешуде және ПОҚ -ның біліміне, тәжірибелік дағдыларынан ерекше әсер алғанадарын атап айтты. Қашықтан оқыту – бұл оқытудың бір түрі ғана, ал  оның тиімділігі өзіміздің оны қандай мазмұнмен толтыруға байланысты. Факультеттік терапия кафедрасы

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі