“Жалпы медицина” мамандығының 1 курс білім алушыларымен онлайн жиналыс

“Жалпы медицина” мамандығының 1 курс білім алушыларымен онлайн жиналыс

2020 жылдың 04 мамыр күні Басқарма Төрағасы Ректор Е.Т. Жунусов «Жалпы медицина» мамандығының 1 және 2 курс студенттерімен онлайн кездесу ұйымдастырды. Онлайн кездесуге Басқарма төрағасының академиялық жұмыс жөніндегі орынбасары М.А. Жанаспаев, Инновациялық білім беру департаментінің директоры А.О.Мысаев, Медицина  мектебінің деканы Пак Л.А. қатысты.

Онлайн кездесу барысында «Қашықтықтан оқытудың академиялық саясаты»,  онлайн прокторинг, жазғы сессияны тапсыру ережелері туралы  сөз қозғалды. Студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап  алды.

Басқарма Төрағасы – ректор курс студенттеріне пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды, барынша үйде қалуды және жазғы емтиханға жауапкершілікпен қарауды тапсырды. Студентте интернет желісі нашар немесе емтихан тапсыруға қажетті құрылғылары болмаған жағдайда аудандық ауруханамен байланыс орнатылып, оларға көмек көрсетілетінін айтты.

Онлайн кездесу барысында студенттер өздерін толғандырып жүрген барлық сұрақтарға жан-жақты жауап алды.

 

Медицина мектебі

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар