“Жалпы медицина” мамандығының 1 және 2 курс білім алушыларымен онлайн жиналыс

“Жалпы медицина” мамандығының 1 және 2 курс білім алушыларымен онлайн жиналыс

29 сәуір және 1 мамыр күндері Басқарма төрағасының академиялық жұмыс жөніндегі орынбасары М.А. Жанаспаев «Жалпы медицина» мамандығының 1 және 2 курс студенттерімен онлайн кездесу ұйымдастырды. Атаулы іс-шараға Инновациялық білім беру департаментінің директоры А.О. Мысаев, Медицина мектебінің деканы Пак Л.А, декан орынбасары Бужеева А.С. және әдіскер Садвакасова Ш.Ж , Дюсенбаева А.Б. қатысты.

Басқарма төрағасының орынбасары курс білім алушыларымен онлайн әңгіме өткізіп, жазғы емтихандық сессияға қатысты студенттерді толғандырып жүрген барлық сұрақтарына жауап берді.

Инновациялық жұмыс департаментінің директоры А. О. Мысаев қашықтықтан оқыту кезеңінде емтихандарды тапсыру ерекшеліктері туралы айтып өтті, сондай-ақ ауызша жылдық емтиханның ерекшеліктері, тестілеудің негізгі сәттерін, онлайн-прокторинг бағдарламасын қолдану және жазғы емтихан сессиясын ұйымдастыру тәртібі туралы сөз қозғады.

Медицина мектебінің деканы Л.А. Пак студенттермен қашықтықтан оқыту кезінде жиынтық бағалау процедуралары, автоматты немесе синхронды проекторинг шарттарын орындау талабы туралы айтты. Әрбір студент компьютер немесе ноутбук және сенімді интернет болуы тиіс, сондай-ақ веб-камерамен, микрофонмен және колонкалармен (құлаққап) жабдықталуы тиіс екенін атап өтті. Пандемия кезінде барлық студенттерді академиялық адалдықты сақтауға және алдағы сессияны өте жақсы өткізуге шақырды.

Жиын соңында студенттер өздерін толғандырып жүрген барлық сұрақтарға жан-жақты жауап алды.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар