2020 жылғы 12 мамыр күні Семей медицина университетінің Басқарма Төрағасы Жүнісов Ерсін Тұрсынханұлының «Стоматология» мамандығының 1-5 курс студенттерімен онлайн кездесуі өткізілді. Онлайн өткізілген жиынға қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейіргер ісі мектебінің деканы Саимова А.Ж., декан орынбасары Жакупбекова Э.А. қатысты.
Жиынның басты мақсаты – қазіргі қоғамымызда орын алып отырған эпидемиологиялық жағдайға байланысты туындаған оқу үрдісіндегі өгерістер мен жаңа ережелерге тоқталып, олардың мән-жағдайын нақтырақ түсіндіріп өту. Сонымен қатар, студенттердің алдағы уақытта өткізілетін жазғы емтихан сессиясын қашықтықтан ұйымдастыруға байланысты туындаған мәселелер мен оларды толғандыратын сұрақтарына жауап беру еді. Кездесу барысында Басқарма Төрағасы Жүнісов Ерсін Тұрсынханұлы елімізде және әлемде орын алып отырған эпидемиологиялық жағдайды түсіндіре келе, студенттерімізді осы қиын жағдайдан барлығымызға ортақ істе бірлесіп, бір-бірімізге түсіністікпен қарап, әр жағдайда қолдау көрсетіп, бірге еңсеруімізді сұрады. Сонымен қоса жазғы емтихан сессиясының өткізілу тәртібі мен ережесі де түсіндіріліп, студенттер тарапынан туындаған сұрақтарына толыққанды жауап беріліп, ұсыныстары тыңдалды.
Қоғамдық денсаулық сақтау, Стоматология, Фармация және Мейіргер ісі мектебі