Ревматология және инфекциялық емес аурулар кафедрасында қашықтықтан оқытудың жүзеге асырылуы

Ревматология және инфекциялық емес аурулар кафедрасында қашықтықтан оқытудың жүзеге асырылуы

Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайға байланысты 16.03.2020 ж. бастап   Семей медицина университетінің бакалавриат деңгейіндегі білім алушылары қашықтықтан оқытуға көшті. Ревматология және инфекциялық емес аурулар кафедрасында қашықтықтан оқыту форматы университеттің академиялық саясаты негізінде жүзеге асырылады.

Осылай  2020 жылғы 23 сәуір күні 4222 ОМ тобында ассистент Г.Б- Канапияновамен мен «Жүйелі склероз. Шегрен ауруы.» тақырыбы бойынша қашықтықтан оқыту сабағы өткізілді.

Циклдің басталуы кезінде оқытушы WhatsApp-та  чат құрады, мұнда топтың барлық студенттерін, топ жетекшісін және бақылаушыны қосады. Мұнда топтың барлық ұйымдастыру мәселесін талқылауға және студенттерді белгілеуге мүмкіндік береді. Чатта білім алушылар сол тақырыпты талдаған кездегі туындаған сұрақтарын қояды, сондай-ақ оқытушы берілген материалды толықтай меңгергенің көру үшін ситуациялық есептер,  білім алушыларға кері байланыс береді. Оқытушы сабақтың басында сол күнгі тақырыпты атап өтеді, студенттерді белгілейді, сабақтың соңындағы білім алушы меңгеруі қажет соңғы нәтижелерді атап өтеді. Сөйтіп берілген тақырып бойынша ізденіс бағытын береді.

Сондай-ақ студенттерді ZOOM платформасы немесе WhatsApp видеоконференциясы арқылы тілдесуге шақырады.  ZOOM платформасы видеоконференциясы арқылы білім алушының сабаққа қатысып отырғаның, пікірталас кезіндегі белсенділігі, сондай-ақ жалпы студенттің өзін видеоблок арқылы көруге мүмкіндік береді.  Көбінесе барлық студенттер байланысқа ұялы телефондары арқылы шығады. Олардың бар жоғы сабақ барысындағы белсенділігімен бақыланады, ал студенттің белсенділігі төмен болса немесе байланыс жүйесі төмен болса оқытушы тікелей студентпен хабарласып, студент меңгеріп үлгермеген жағдайларды түсіндіріп өтеді.

Барлық білім алушылар үшін  оқу орнының Keyps электронды платформасына кез-келген уақытта қолжетімді болып табылады және «Ревматология» пәні бойынша (презентациялар, аудиолекциялар, әдебиетке сілтеме, тақырып бойынша электронды ресурстар) өздігінен сабақ материалдарымен таныса алады.

Сабақтың тәжірибелік бөлігін меңгеру үшін студенттерге CBL форматында клиникалық есептер беріледі, бұл ревматологиялық бағыттағы науқастардың анамнезін жинауға, диагноздың клинико-диагностикалық критерилері дағдысын меңгеруге  және зертханалық, аспаптық берілгендерді талдауға,буындық синдромның салыстырмалы диагностикасын жүргізуге,  науқасты жүргізудегі алдағы әрекетін болжауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс қашықтықтан оқыту кезінде өте ыңғайлы, себебі клиникалық ойлауды дамытады және теориялық білімін тәжірибе кезінде қолдануды үйретеді.

Сабақтың соңында оқытушы әрбір студентке конструктивті кері байланыс береді, белсенділік танытқан студенттерді атап өтеді және пәнді меңгерудегі ұсынысын береді.

Қашықтықтан оқыту кезеңінде ревматология және инфекциялық емес аурулар кафедрасының ұжымы әрбір студенттің мүмкіндігін ескере (индивидуальді, техникалық) отырып барлық оқу құралдары мен түрлерін қолданады, пән компетенциясын толық сапалы меңгеруге мүмкіндік береді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі