Құрметті Смаилов Ербол Мүслімұлы, сізді бүгінгі келіп жеткен 50 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Әрдайым университетіміздің тірегі, студенттеріңіздің қамқоршысы, аурухананың берік діңгегі бола білдіңіз! Талай асуларды табандылықпен жеңіп, небір қиындықтарға қажырлылық таңыттыңыз! Осынау қиын-қыстау кезеңде індетпен күресіп, аянбай еңбек етіп, кәсіби борышыңызды абыроймен атқарып жүрсіз! Мамандық алдындағы адалдық, отансүйгіштік қасиеттеріңіздің арқасында Қазақстан күн сайын өршіп келе жатқан жаһандық індетті жеңе алатынына сенім білдіреміз! «Елу – тал түс» демей ме? Ендеше алдағы өмірде де болашақ ұрпаққа сыйлы бола беріңіз! Денсаулығыңыз күйлі-қуатты, ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын! Сіз сияқты дәрігерлеріміз барда ақ халаттың ешқашан кірлемейтініне біз кәміл сенімдіміз. Алға қойған мақсаттарыңыз бен жоспарларыңыздың орындалуына тілектеспіз!
Ізгі тілекпен, 4437 топ